Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 252 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
252-бап. Заң құжаттарына сәйкес өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiкке адамның меншiк құқығының тоқтатылуы

1. Егер заң құжаттарымен жол берiлетiн негiздер бойынша заң құжаттарына сәйкес адамның өзiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк оның меншiгiнде болып шықса, бұл мүлiктi меншiк иесi, егер заң құжаттарында өзге мерзiмдер белгiленбесе, осы мүлiкке меншiк құқығы пайда болған кезден бастап бiр жыл iшiнде иелiктен айыруға тиiс. Егер меншiк иесi мүлiктi көрсетiлген мерзiмде иелiктен айырмаса, ол сот шешiмiмен иелiктен ықтиярсыз айырылуға тиiс, бұл орайда меншiк иесiне мүлiктi иелiктен айыру жөнiндегi шығындары шегерiлiп, оның құны өтеледi.  

2. Егер азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде заң құжаттарымен жол берiлген негiздер бойынша сатып алуға арнайы рұқсат қажет етiлетiн зат азаматтың немесе заңды тұлғаның меншiгiнде болып шықса, ал меншiк иесiне оны беруден бас тартылса, бұл зат осы меншiк иесiне тиесiлi бола алмайтын мүлiк үшiн белгiленген тәртiп бойынша иелiктен айырылуға тиiс.
Статья 1 ...250 251 252 253 254 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 252-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы