Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 261 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
261-бап. Адал алушыдан мүлiктi талап етiп алдыру

1. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы болмаған адамнан өтеулі түрде алынып, алушы мұны бiлмесе және бiлуге тиiс болмаса (адал алушы), мүлiктi меншiк иесi немесе меншiк иесi мүлiктi иеленуге берген адам жоғалтқан, не мұның екеуiнен де ұрланған, не олардың иеленуiнен бұлардың еркiнен тыс өзге жолмен шығып қалған ретте ғана меншiк иесi бұл мүлiктi алушыдан талап етiп алдыруға құқылы.  

2. Егер мүлiк оны иелiктен айыруға құқығы жоқ адамнан өтеусіз түрде алынса, меншiк иесi барлық ретте мүлiктi талап етiп алдыруға құқылы.  

3. Егер мүлiк сот шешiмдерiн атқару үшiн белгiленген тәртiп бойынша сатылған болса, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген негiздер бойынша мүлiктi талап етiп алдыруға жол берiлмейдi.  

Ескерту. 261-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.03.02. № 211; 17.07.2015 № 333-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...259 260 261 262 263 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 261-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы