Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 305 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
305-бап. Кепiл берушi

1. Борышқордың өзi де, үшiншi жақ та кепiл берушi болуы мүмкiн.  

2. Егер заң құжаттарында өзгеше көзделмесе, заттың меншiк иесi не меншiк иесiнiң келiсiмiмен оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар адам заттың кепiл берушiсi бола алады.  

3. Кепiлге салынатын құқыққа ие адам құқықты кепiлге берушi бола алады.  

Жалға беру құқығын немесе бөтен адамның затына өзге құқықты оны меншiктенушiнiң немесе оған шаруашылық жүргiзу құқығы бар жақтың келiсiмiнсiз, егер заң құжаттарында немесе шартта аталған жақтардың келiсiмiнсiз бұл құқықты иелiктен айыруға тыйым салынған болса, кепiлге салуға жол берiлмейдi.
Статья 1 ...303 304 305 306 307 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 305-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы