Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 311 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
311-бап. Кейiнгi кепiл (кепiлдi қайталап салу)

1. Егер кепiлге салынған мүлiк басқа талаптарды қамтамасыз ететiн басқа бiр кепiлдiң нысанасы болса (кепiлдi қайталап салу), кейiнгi кепiл ұстаушының талабы алдыңғы кепiл ұстаушылардың талаптары қанағаттандырылғаннан кейiн кепiл мәнiнiң құнынан қанағаттандырылады.  

2. Егер кепiл туралы бұрынғы шарттарда тыйым салынбаса, қайтадан кепiл салуға жол берiледi.  

3. Кепiл берушi келесi кепiл ұстаушысының әрқайсысына осы мүлiктiң бұрыннан бар барлық кепiлдерi жөнiндегi мәлiметтердi хабарлауға мiндеттi және осы мiндеттiң орындалмауы себептi кепiл ұстаушыларға келтiрiлген залалдар үшiн жауап бередi.  

Ескерту. 311-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211, 2007.01.12. N 225 Заңдарымен.

Статья 1 ...309 310 311 312 313 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 311-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы