Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 318 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
318-бап. Кепiлге салынған нәрседен ақы өндiрiп алу тәртiбi

1. Кепiл ұстаушының талаптарын кепiлге салынған мүлiктiң құнынан қанағаттандыру, егер осы Кодексте және басқа заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, сот тәртiбiмен жүзеге асырылады.

2. Кепiл туралы шартта, сондай-ақ осы Кодексте және өзге де заң құжаттарындакөзделген реттерде кепiл ұстаушы кепiлге салынған мүлiктi соттан тыс тәртіппен сауда өткiзу (аукцион) арқылы өз бетiмен сатуға құқылы. Ақшалай қарызды қамтамасыз ететiн кепiлге салынған нәрсенi сату жөнiнде кепiл ұстаушы банктiң де осындай құқығы болады. Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы заңнамалық актісінде көзделген жағдайларда, кепілге қойылған жылжымайтын мүлікті соттан тыс өткізуге жол берілмейді.

РҚАО-ның ескертпесі!
2-тармақты екінші бөлікпен толықтыру көзделген – ҚР 02.07.2018 № 168-VІ (01.01.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
Ескерту. 318-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.02.10 N 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 02.07.2018 № 168-VІ (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

Статья 1 ...316 317 318 319 320 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 318-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы