Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 323 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
323-бап. Кепiлге салынған мүлiкке құқық басқа тұлғаға құқықты мирасқорлық тәртiбiмен көшуi кезiнде кепiлдiң сақталуы

1. Кепiлге салынған мүлiктi ақылы немесе тегiн иелiктен айыру нәтижесiнде не әмбебап құқықты мирасқорлық тәртiп бойынша мүлiкке меншiк құқығы немесе шаруашылық жүргiзу құқығы кепiл берушiден басқа адамға көшкен ретте кепiл құқығы сақталып қалады.  

Кепiл берушiнiң құқықты мирасқоры кепiл берушiнiң орнын басады және, егер кепiл ұстаушымен келiсiмде өзгеше белгiленбесе, кепiл берушiнiң барлық мiндеттерiн атқарады.  

2. Егер кепiл берушiнің кепiлге салынған нәрсе болып табылатын мүлкi құқықты мирасқорлық тәртiбiмен бiрнеше адамға көшсе, құқықты мирасқорлардың әрқайсысы (мүлiктi иеленушiлер) аталған мүлiктiң өзiне көшкен бөлiгiне кепiлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi орындамағандығы жөнiндегi кепiлден туындайтын зардаптарын көтередi. Алайда кепiлге салынған нәрсе бөлiнбейтiн болса немесе өзге негiздер бойынша құқықты мирасқорлардың бiрлескен ортақ меншiгiнде қалса, олар ортақ кепiл берушiлерге айналады.
Статья 1 ...321 322 323 324 325 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 323-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы