Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 328 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
328-бап. Ломбардта заттарды кепілге салу

1. Қысқа мерзімді қарыздарды қамтамасыз ету үшін азаматтардан жеке пайдалануға арналған жылжымалы мүлікті кепілге қабылдауды ломбардтар ретінде тіркелген заңды тұлғалар кәсіпкерлік қызмет ретінде жүзеге асыра алады, олардың қызметінің айрықша түрі:  

1) жылжымалы мүлікті кепілге алу арқылы қысқа мерзімді қарыздар беру;  

2) құрамында қымбат бағалы металдар мен қымбат бағалы тастар бар зергерлік бұйымдарды есепке алу, сақтау және сату болып табылады.  

Ломбардтар инвестициялық қызметті жүзеге асыруға құқылы.  

2. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарт ломбардтың кепілге салу билетін беруімен ресімделеді және онда кепілге қойылған мүлікті сақтандыру туралы талап болуы мүмкін. Кепілге қойылған мүлікті сақтандыру ломбардтың есебінен жүзеге асырылады.  

3. Ломбардтың кепілге қойылған заттарды пайдалануға және оларға билік етуге құқығы жоқ.  

4. Ломбард, егер кепілге қойылған заттардың жоғалуы және бүлінуі еңсерілмейтін күштің салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, заттардың жоғалғаны және бүлінгені үшін жауапты болады.  

5. Ломбардтар өз қызметін ломбардтың жоғары органы бекітетін Ломбард операцияларын жүргізу ережелері болғанда ғана жүзеге асырады және онда мынадай ақпарат:  

1) берілетін кредиттердің шекті сомалары мен мерзімдері;  

2) берілетін кредиттер бойынша сыйақы ставкаларының шекті шамалары;  

3) операциялар жүргізгені үшін ставкалар мен тарифтер;  

4) ломбардтың және оның клиенттерінің құқықтары мен міндеттері, олардың жауапкершілігі;  

5) кепілге салу билетін жоғалтқан жағдайда кепіл берушіге дубликаттар беру тәртібі;  

6) өзге де талаптар қамтылуға тиіс.  

Ломбард операцияларын жүргізу ережелері ломбардтың клиенттері көре алатындай жерге орналастырылуға тиіс. 

Ломбардтар "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органды өз қызметінің басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабардар етуге міндетті. 

6. Ломбардта заттарды кепілге салу туралы шарттың, осы Кодексте кепіл берушіге берілетін құқықтармен салыстырғанда, кепіл берушінің құқықтарын шектейтін талаптары шарт жасалған кезден бастап жарамсыз болады. Мұндай талаптардың орнына осы Кодекстің тиісті ережелері қолданылады. 

7. Ломбардтар Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасында көзделген талаптарды сақтауға міндетті. 

Ескерту. 328-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2005.12.23. N 107(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен; өзгеріс енгізілді - ҚР 02.08.2015 № 343-V Заңымен (01.04.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).

Параграф 4. Кепілдік және кепіл болушылық


Ескерту. 4 параграф жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. N 154 Заңымен.

Статья 1 ...326 327 328 329 330 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 328-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы