Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 33 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
33-бап. Заңды тұлға ұғымы

1. Меншiк, шаруашылық жүргiзу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкi бар және сол мүлiкпен өз мiндеттемелерi бойынша жауап беретiн, өз атынан мүлiктiк және мүлiктiк емес жеке құқықтар мен мiндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйым заңды тұлға деп танылады.  

Заңды тұлғаның дербес балансы немесе сметасы болуға тиiс.  

2. Заңды тұлғаның өз атауы жазылған мөрi болады. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, бұл талап жеке кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға қолданылмайды. 

Ескерту. 33-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі).

Статья 1 ...31 32 33 34 35 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 33-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы