Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
338-1-бап. Ұстап қалу туралы жалпы ережелер



Ст. 338-1 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Борышқорға не борышқор көрсеткен тұлғаға берiлуге тиiс зат қарамағында болған несие берушi, борышқор осы заттың құнын төлеу немесе несие берушiге оған байланысты шығындар мен басқа да залалдарды өтеу жөнiндегi мiндеттеменi мерзiмiнде орындамаған жағдайда, тиiстi мiндеттеме орындалғанға дейiн оны ұстап қалуға құқылы.  

Заттың құнын төлеуге немесе оған шыққан шығындарды және басқа да залалды өтеуге байланысты болмаса да, кәсiпкер ретiнде әрекет ететiн тараптардың мiндеттемелерiнен туындайтын талаптар да затты ұстап қалу арқылы қамтамасыз етiлуi мүмкiн.  

2. Несие берушi өзiндегi зат иелiгiне түскеннен кейiн де оны иелену құқығын үшiншi тұлғаның алғанына қарамастан, ол затты ұстап қала алады.  

3. Егер шартта өзгеше көзделмесе, осы баптың ережесi қолданылады.

Статья 1 ...337 338 338-1 338-2 338-3 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 338-1-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы