Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 338-4 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
338-4-бап. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттемені орындамау, тоқтату немесе орындау салдары

1. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме төлеушінің кінәсінен орындалмаған кезде кепілдік жарна екінші тарапта қалады. 

2. Кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме кепілдік жарнаны алушының кінәсінен орындалмаған не тараптардың келісімі бойынша немесе олардың кінәсінсіз орындаудың мүмкін болмауы салдарынан осы міндеттеме тоқтатылған кезде кепілдік жарна қайтарылуға жатады. 

3. Егер осы Кодексте, өзге де заңнамалық актілерде, тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе немесе міндеттеменің мәнінен өзгеше туындамаса, шарт жасасу немесе кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген өзге міндеттемені орындау кезінде кепілдік жарна сомасы жасалған шарт немесе өзге де кепілдік жарнамен қамтамасыз етілген міндеттеме бойынша кепілдік жарна алушыға тиесілі екінші тараптан түсетін төлемдердің есебіне жатқызылады. 

19-тарау. Міндеттемедегі адамдардың ауыстырылуы

Статья 1 ...338‑2 338‑3 338‑4 339 340 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 338-4-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы