Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 338 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 06.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
338-бап. Кепiлпұлмен қамтамасыз етiлген мiндеттеменi тоқтатудың және орындамаудың салдары

1. Мiндеттеменiң орындалуы басталғанға дейiн тараптардың келiсiмi бойынша не олардың кiнәсiнсiз-ақ оны орындаудың мүмкiндiгi болмауы салдарынан тоқтатылған жағдайда, кепiлпұл қайтарылуға тиiс.  

2. Егер мiндеттеменiң орындалмауына кепiлпұл берген тарап жауапты болса, ол екiншi тарапта қалады, ал егер кепiлпұл алған тарап жауапты болса, ол екiншi тарапқа кепiлпұлдың екi еселенген сомасын төлеуге мiндеттi. Оның үстiне, шартта өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттеменiң орындалмауына жауапты тарап екiншi тарапқа кепiлпұл сомасын ескере отырып, шеккен залалдың орнын толтыруға мiндеттi.  

Параграф 6. Ұстап қалу


Ескерту. 6 параграфпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы 2007.01.12. N 225 Заңымен.

Статья 1 ...336 337 338 338‑1 338‑2 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 338-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы