Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
344-бап. Несие берушi құқықтарының заң құжаттары негiзiнде басқа адамға ауысуы



Ст. 344 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



Мiндеттеме жөнiндегi несие берушiнiң құқықтары заң құжаттары және соларда көрсетiлген мынадай жағдайлардың болуы негiзiнде:  

1) несие берушiнiң құқықтарындағы әмбебап құқықты мирасқорлық нәтижесiнде;  

2) заң құжаттарында мұндай ауысу мүмкiндiгi көзделсе, несие берушi құқықтарының басқа адамға ауысуы туралы сот шешiмi бойынша;  

3) мiндеттеменi оның кепiл болушысы, тапсырушысы немесе осы мiндеттеме бойынша борышқор болып табылмайтын кепiлге зат берушiнiң орындалуы нәтижесiнде;  

4) сақтандырушы сақтандыратын жағдайдың басталуына жауапты борышқорға несие берушiнiң құқықтарын алып берген кезде;  

5) заң құжаттарында көзделген өзге жағдайларда басқа адамға ауысады.  

Ескерту. 344-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.


Статья 1 ...342 343 344 345 346 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 344-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы