Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 354 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.12.2018

ҚР Азаматтық кодексi
354-бап. Жауапкершiлiк және мiндеттеменi заттай орындау

1. Мiндеттеме тиiстi дәрежеде орындалмаған жағдайда айып төлеу және залалдарды өтеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды мiндеттеменi орындаудан босатпайды.  

2. Мiндеттеме орындалмаған жағдайда залалды өтеу және оны орындамағаны үшiн айып төлеу, егер заң құжаттарында немесе шартта өзгеше көзделмесе, борышқорды міндеттеменi заттай орындаудан босатады.  

3. Мерзiмi өтiп кеткендiктен өзi үшiн ендi керегi болмай қалған мiндеттеменiң орындалуынан несие берушiнiң бас тартуы (осы Кодекстiң 365-бабы), сондай-ақ бас тарту төлемi ретiнде белгiленген ақшалай соманы төлеу (осы Кодекстiң 369-бабы) борышқорды мiндеттеменi заттай орындаудан босатады.  

Ескерту. 354-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. № 211 Заңымен.
 

Статья 1 ...352 353 354 355 356 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 354-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы