Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 364 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
364-бап. Несие берушiнiң кiнәсi

1. Егер мiндеттеменiң орындалмауы немесе тиiстi дәрежеде орындалмауы екi тараптың да кiнәсiнен болса, сот оған сәйкес борышқор жауапкершiлiгiнiң көлемiн азайтады. Сот, егер несие берушi мiндеттеменiң орындалмауынан немесе тиiстi дәрежеде орындалмауынан келтiрiлген залал көлемiнiң ұлғаюына қасақана немесе абайсызда себепкер болса немесе олардың азаюына ақылға қонымды шаралар қолданбаса, борышқор жауапкершiлiгiнiң мөлшерiн де азайтады.
 
2. Борышқор заң актiлерi немесе шарт бойынша өзiнiң кiнәсiне қарамастан мiндеттеменiң орындалмағанына немесе тиiстi дәрежеде орындалмағанына жауап беретiн жағдайларда да осы баптың 1-тармағының ережелерi тиiсiнше қолданылады.
 
Ескерту. 364-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 1998.03.02. N 211 Заңымен.
Статья 1 ...362 363 364 365 366 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 364-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы