Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 374 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.07.2018

ҚР Азаматтық кодексi
374-бап. Орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеменiң тоқтатылуы

1. Егер мүмкiндiктiң болмауы борышқор жауап бермейтiн жағдайлардан туындаса, орындауға мүмкiндiк болмағандықтан мiндеттеме тоқтатылады. Бұл ереженiң күшi ақшалай мiндеттемелерге қолданылмайды.  

2. Тараптың өзi де, екiншi тарап та мiндеттеменi орындауға жауап бермейтiн мән-жайдан тарап мiндеттеменi орындай алмайтын ретте, егер заңда немесе шартта өзгеше көзделмесе, бiр тараптың екiншi тараптан мiндеттеменi орындауды талап етуге құқығы жоқ. Бұл орайда мiндеттеменi орындаған әрбiр тарап орындалғанды қайтаруды талап етуге құқылы.  

3. Борышқор несие берушiнiң әрекеттерi кiнәсiнен мiндеттеменi орындауға мүмкiндiк болмаған жағдайда несие берушiнiң одан мiндеттеме бойынша атқарғанын қайтаруды талап етуге құқығы жоқ.
Статья 1 ...372 373 374 375 376 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 374-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы