Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 379 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
379-бап. Шарттан туындайтын құқықтық қатынастар

1. Шарттан мiндеттемелiк, заттық, авторлық немесе өзге құқықтық қатынастар туындауы мүмкiн.  

2. Шарттан туындаған мiндеттемелерге, осы тараудың ережелерiнде және осы Кодексте аталған шарттардың кейбiр түрлерi туралы ережелерiнде өзгеше көзделмегендiктен, мiндеттемелер жөнiндегi жалпы ережелер қолданылады (осы Кодекстiң 268-377-баптары).  

3. Шарттан (бiрлескен қызмет туралы шарт, құрылтай шарты, авторлық шарт және басқалар) туындайтын заттық, авторлық немесе өзге де құқықтық қатынастарға, егер заңдардан, шарттан немесе құқықтық қатынастардың мәнiнен өзгеше туындамаса, осы тараудың ережелерi қолданылады.

Статья 1 ...377 378 379 380 381 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 379-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы