Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 385 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 19.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
385-бап. Баға

1. Шарттың орындалуы тараптардың келiсiмiмен белгiленген баға бойынша төленедi.  

Заң құжаттарында көзделген жағдайларда оған уәкiлдiк берiлген мемлекеттiк органдар белгiлейтiн немесе реттейтiн баға (тарифтер, бағалар, ставкалар және т.б.) қолданылады.  

2. Шарт жасалғаннан кейiн бағаны өзгертуге шартта, заң құжаттарында көзделген реттер мен жағдайларда немесе заң құжаттарында белгiленген тәртiп бойынша жол берiледi.  

3. Ақылы шартта баға көзделмеген және шарт ережелерiн негiзге ала отырып оны анықтау мүмкiн болмаған реттерде шартты орындау шарт жасасу кезiнде осыған ұқсас жағдайларда әдетте осы сияқты тауарлар, жұмыс немесе қызмет үшiн алынатын баға бойынша жүргiзiлуге тиiс деп есептеледi.
Статья 1 ...383 384 385 386 387 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 385-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы