Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 39 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
39-бап. Заңды тұлғаның тұрған жерi

1. Заңды тұлғаның тұрақты жұмыс iстейтiн органы тұрған жер оның тұрған жерi болып танылады.  

2. Заңды тұлғаның тұрған жерi оның құрылтай құжаттарында почталық толық мекен-жайы жазылып, көрсетiледi.  

3. Үшiншi тұлғалармен қарым-қатынастарда заңды тұлға нақты мекенжайының Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiміне енгiзiлген мекенжайына сәйкес келмейтiнiне сiлтеме жасауға құқылы емес. Бұл ретте, үшiншi тұлғалар заңды тұлғаға почталық және өзге де хат-хабарды Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiлген мекенжайына да, нақты мекенжайына да жіберуге құқылы. 

Ескерту. 39-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.03.02 № 211, 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

Статья 1 ...37 38 39 40 41 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 39-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы