Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 391 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
391-бап. Үшiншi жақтың пайдасына жасалатын шарт

1. Тараптар несие берушiге емес, шартта көрсетiлген немесе көрсетiлмеген және борышқордан мiндеттеменi өзiнiң пайдасына орындауды талап етуге құқығы бар үшiншi жаққа борышқор орындап беруге мiндеттi деп көрсеткен шарт үшiншi жақтың пайдасына жасалған шарт болып танылады.  

2. Егер заңдарда немесе шартта өзгеше көзделмесе, үшiншi жақ борышқорға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетiн бiлдiрген кезден бастап тараптар өздерi жасасқан шартты үшiншi жақтың келiсiмiнсiз бұза алмайды немесе өзгерте алмайды.  

3. Борышқор шартта өзiнiң несие берушiге қарсы қоя алатындай қарсылықтарын үшiншi жақтың талаптарына қарсы қоюға құқылы.  

4. Үшiншi жақ шарт бойынша өзiне берiлген құқықтан бас тартқан ретте несие берушi, егер заңдарға және шартқа қайшы келмесе, бұл құқықты пайдалана алады. 

5. Үшінші тұлға шарт бойынша өз құқығын пайдалану ниетін білдірген кезден бастап және үшінші тұлға өз құқығынан бас тартқан кезге дейін кредитор шарт талаптарына сәйкес борышкерден үшінші тұлғаның пайдасына міндеттемелерді орындауды ғана талап етуге құқылы. 

Ескерту. 391-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 N 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

Статья 1 ...389 390 391 392 393 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 391-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы