Ваш гид в законодательстве Казахстана


Печать

Ст. 42 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 05.03.2024

ҚР Азаматтық кодексi
42-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттiк тiркеу және қайта тiркеу

1. Коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлға әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады. 

Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясында мемлекеттік тіркелуге жатады. 

Мемлекеттiк тiркеу тәртiбi Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалады. 

2. Мемлекеттiк тiркеу деректері, оның iшiнде заңды тұлғалардың атауы, ал коммерциялық ұйымдар үшін – фирмалық атауы Бизнес-сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмiне енгiзiледi. 

3. Заңды тұлға мемлекеттiк тiркеуден өткен кезден бастап құрылды деп саналады.  

4. Филиалдар мен өкiлдiктер заң құжаттарында белгiленген тәртiппен тiркеледi.  

Филиалдар мен өкiлдiктер атаулары өзгерген жағдайда қайта тiркелуге жатады.  

5. Заңды тұлға құрудың заңда белгiленген тәртiбiн бұзу немесе оның құрылтай құжаттарының заңға сәйкес келмеуi заңды тұлғаның мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға әкелiп соқтырады. Заңды тұлға құрудың тиiмсiздiгiн желеу етiп тiркеуден бас тартуға жол берiлмейдi.  

Мемлекеттiк тiркеуден бас тартуға, сондай-ақ мұндай тiркеуден жалтаруға Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен шағым жасалуы мүмкiн. 

6. Заңды тұлға мынадай жағдайларда:  

1) жарғылық капиталының мөлшерi азайтылған;  

2) атауы өзгергенде;  

3) шаруашылық серiктестiктерiндегi қатысушылардың құрамы өзгергенде (шаруашылық серiктестiгi қатысушыларының тiзiлiмiн жүргiзудi бағалы қағаздарды ұстаушылар тiзiлiмдерiнiң жүйесiн жүргiзу жөнiндегі қызметтi жүзеге асыратын бағалы қағаздар рыногының кәсiби қатысушысы жүзеге асыратын шаруашылық серiктестiктерiн қоспағанда) қайта тiркелуге тиiс.  

Аталған негiздер бойынша құрылтай құжаттарына енгiзiлген өзгерiстер заңды тұлға қайта тiркелмейiнше жарамсыз болып табылады. 

Ескерту. 42-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1996.07.15 № 30-I, 1997.07.11 № 154, 1998.03.02 № 211, 1998.07.10 № 282, 2003.05.16 № 416, 2005.07.08 № 72(қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.06.05 № 146, 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.12.28 № 524-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 02.04.2019 № 241-VI (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.06.2020 № 351-VI (01.07.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...40 41 42 43 44 ...405

Перейти к статье
Новые комментарии на сайте

дословно - деятельность - т.е. работа в такси или в частном извозе, а так же водителем по найму. лишение права управления это другое


13-бап

1. Әркiмнiң құқық субъектiсi ретiнде танылуына құқығы бар және өзiнiң құқықтары мен бостандықтарын, қажеттi қорғанысты қоса алғанда, заңға қайшы келмейтiн барлық тәсiлдермен қорғауға хақылы.

2. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарының сот арқылы қорғалуына құқығы бар.

3. Әркiмнiң біліктi заң көмегiн алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегi тегiн көрсетiледi.

Заң көмегі қажет болса көрсетілген номерларга коңырау немесе хабарламалалар жіберуге болады "WhatsApp"


Статья 13 Конституции РК

1. Каждый имеет право на признание его правосубъектности и вправе защищать свои права и свободы всеми не противоречащими закону способами, включая необходимую оборону.

2. Каждый имеет право на судебную защиту своих прав и свобод.

При необходимости прошу звонить или писать на номера указанных в профиле!!!


Подскажите пожалуйста. Что значит «с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортным средством сроком на 10/десять/лет»

Человека лишили водительских прав или его лишили права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами?

Приговор был такой:

………….. признать виновным в совершении уголовного правонарушения, предусмотренного ст. 345-1 ч.1 УК и назначить ему наказание в виде лишения свободы сроком 6/шеть месяцев, с отбыванием наказания в учреждении уголовно-исполнительной системы минимальной безопасности, с лишением права заниматься деятельностью, связанной с управлением транспортными средствами сроком на 10 /десять/ лет.

Избрать в отношении …………..., до вступления приговора в законную силу, меру пресечения в виде содержания под стражей, взяв под стражу в зале суда.

Срок наказания в отношении ……………. в виде лишения свободы, исчислять с момента взятия под стражу.



Последние комментарии






Вы юрист? Нужны новые клиенты?
Разместите информацию о себе

- Это бесплатно

- Информация о 5 лучших юристах на всех страницах сайта

- Эту рекламу видят более 10 000 посетителей в день

- Для поднятия рейтинга надо отвечать на вопросы пользователей

Зарегистрироваться