Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 52 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
52-бап. Банкроттық

Банкроттық - борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi. 

РҚАО-ның ескертпесі!

Екінші бөлікке өзгеріс енгізу көзделген - ҚР 02.08.2015 № 342-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).

Борышкердiң (дара кәсiпкердiң немесе заңды тұлғаның) ақшалай мiндеттемелер бойынша кредитордың талаптарын толық көлемде қанағаттандыруға, еңбек шарты бойынша жұмыс iстейтiн адамдармен еңбегiне ақы төлеу жөнiнде есеп айырысу жүргізуге, салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік аударымдарды, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруға аударымдарды және (немесе) жарналарды, сондай-ақ мiндеттi зейнетақы жарналарын және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын төлеуді қамтамасыз етуге сот белгілеген қабiлетсiздiгi оның дәрменсiздiгi деп түсiнiледi. 

Ескерту. 52-бап жаңа редакцияда - ҚР 1997.01.21. № 68-I Заңымен, өзгерістер енгізілді - ҚР 1998.06.29. N 238, 2008.07.05 № 60-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз); 07.03.2014 № 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 16.11.2015 № 406-V (01.07.2017 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...50 51 52 53 54 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 52-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы