Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 59 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.11.2018

ҚР Азаматтық кодексi
59-бап. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салым салу. Шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталындағы және мүлкiндегi қатысушының үлесi

1. Ақша, бағалы қағаздар, заттар, зияткерлiк қызмет нәтижесi құқығын қоса алғанда, мүлiктiк құқықтар және өзге де мүлiк (жарғылық капиталы тек қана ақшамен қалыптастырылатын, Қазақстан Республикасының жобалық қаржыландыру және секьюритилендiру туралы заңнамасына сәйкес құрылатын арнайы қаржы компанияларын, Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасына сәйкес құрылатын микроқаржы ұйымдарын және Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығы туралы заңнамасына сәйкес құрылатын исламдық арнайы қаржы компанияларын қоспағанда) шаруашылық серiктестiктiң жарғылық капиталына салынатын салым бола алады. 

Құрылтайшылардың (қатысушылардың) жарғылық капиталға заттай нысанда немесе мүлiктiк құқықтар түрiнде салған салымдары барлық құрылтайшылардың келiсiмi бойынша немесе серiктестiктiң барлық қатысушыларының жалпы жиналысының шешiмi бойынша ақшалай нысанда бағаланады. Егер мұндай салымның құны жиырма мың айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiне барабар сомадан асып кетсе, оның бағасын тәуелсiз сарапшы растауға тиiс.  

Шаруашылық серiктестiгiн қайта тiркеген кезде оған қатысушының салымын ақшалай бағалау серiктестiктiң бухгалтерлiк құжаттарымен не аудиторлық есеппен расталуы мүмкiн.  

Серiктестiктiң құрылтайшылары (қатысушылары) осындай баға берiлген кезден бастап бес жыл бойы серiктестiктiң несие берушiлерi алдында салым бағасы арттырылған сома шегiнде бiрлесiп жауап бередi.  

Серiктестiкке салым ретiнде мүлiктi пайдалану құқығы берiлетiн жағдайларда бұл салымның мөлшерi құрылтай құжаттарында көрсетiлген барлық мерзiмге есептелген осы мүлiктi пайдалану төлемiмен анықталады.  

Жеке мүліктік емес құқықтар және өзге де материалдық емес игіліктер түрінде салымдар енгізуге жол берілмейді. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, серіктестікке қатысушылардың талаптарын есепке жатқызу жолымен салымдар енгізуге жол берілмейді.  

2. Егер құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, жарғылық капиталдағы барлық қатысушылардың үлестерi және тиiсiнше олардың шаруашылық серiктестiгi мүлкiнiң құнындағы үлестерi (мүлiктегi үлес) жарғылық капиталдағы салымдарына барабар болады.  

Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерінде немесе құрылтай құжаттарында өзгеше көзделмесе, шаруашылық серiктестiгіне қатысушының серiктестiк мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) өз үлесін немесе оның бір бөлігін кепілге салуға және (немесе) сатуға құқығы бар. 

Тарапы жеке тұлға болып табылатын шаруашылық серiктестiгінің шығатын қатысушысының серіктестік мүлкіндегі (жарғылық капиталындағы) үлесіне немесе оның бір бөлігіне құқығын иеліктен шығару (басқаға беру) шарты нотариаттық куәландырылуға жатады. 

3. Жарғылық капиталға салым салудың тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ жарғылық капиталды құру жөнiндегi мiндеттердi орындамағаны үшiн жауапкершiлiк заң құжаттарында және (немесе) құрылтай құжаттарында белгiленедi.  

4. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық капиталын азайтуға оның барлық несие берушiлерiне хабарланғаннан кейiн жол берiледi. Олар бұл жағдайда серiктестiктiң мерзiмiнен бұрын тоқтатылуын немесе тиiстi мiндеттемелерiн орындауын және оның зиянды өтеуiн талап етуге құқылы.  

Осы тармақта белгiленген тәртiптi бұза отырып жарғылық капиталды азайту мүдделi адамдардың арызы негізінде сот шешiмiмен серiктестiктi таратуға негiз болып табылады.  

Ескерту. 59-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1996.07.15 № 30, 1997.07.11 № 154, 1998.03.02 № 211, 2006.02.20 № 127 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2006.05.05 № 139, 2009.02.12 № 133-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.01.12 № 539-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.12.24 № 60-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 24.11.2015 № 422-V (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.02.2017 № 49-VI (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.
Статья 1 ...57 58 59 60 61 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 59-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы