Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР Азаматтық кодексi
72-бап. Сенiм серiктестiгi туралы негізгі ережелер



Ст. 72 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Серiктестiктiң мiндеттемелерi бойынша өзiнiң бүкiл мүлкiмен (толық серiктерiмен) қосымша жауап беретiн бiр немесе одан да көп қатысушылармен қатар, серiктестiктiң (салымшылардың) мүлкiне өздерi салған салымдардың жиынтығымен шектелетiн бiр немесе одан көп қатысушыларды да енгiзетiн және серiктестiктiң кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға қатыспайтын серiктестiк сенiм серiктестiгi деп танылады.  

2. Сенiм серiктестiгiне қатысатын толық серiктердiң құқықтық ережесi және олардың серiктестiк мiндеттемелерi бойынша жауапкершiлiгi толық серiктестiктiң қатысушылары туралы ережемен белгiленедi.  

3. Азамат тек бiр ғана сенiм серiктестiгiнiң толық серiктесi бола алады.  

Сенiм серiктестiгiндегi толық серiктес толық серiктестiктiң қатысушысы бола алмайды.  

4. Сенiм серiктестiгiне осы Кодекстiң сенiм серiктестiктерi туралы ережелерiне қайшы келмейтiндiктен, осы Кодекстiң толық серiктестiк туралы ережелерi қолданылады.  

Ескерту. 72-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 1998.03.02. N 211 Заңымен.

Статья 1 ...70 71 72 73 74 ...405

Перейти к статье







Добавить комментарий к 72-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы