Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 76 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 12.12.2018

ҚР Азаматтық кодексi
76-бап. Сенiм серiктестiгiнiң тоқтатылуы

1. Сенiм серiктестiгi оған қатысушы барлық салымшылар шығып кеткен жағдайда тоқтатылады. Толық серiктестер сенiм серiктестiгiн таратудың орнына оны толық серiктестiк етiп қайта құруға құқылы. Сенiм серiктестiгi толық серiктестiктi тарату үшiн көзделген негiздер бойынша да таратылады.  

2. Салымшылар сенiм серiктестiгi таратылған кезде оның несие берушiлерiнiң талаптары қанағаттандырылғаннан кейiнгi қалған серiктестiк мүлкiнен салымдарды алуға толық серiктестер алдында артықшылық құқығы болады. Сенiм серiктестiгiнiң бұдан кейiнгi қалған мүлкi толық серiктестер мен салымшылар арасында, егер құрылтай құжаттарында өзгеше тәртiп белгiленбесе олардың серiктестiк мүлкiне қосқан үлесiне қарай бөлiнедi.  

4. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiк

Статья 1 ...74 75 76 77 78 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 76-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы