Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 82 ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР Азаматтық кодексi
82-бап. Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестiктiң қатысушысынан үлестi мәжбүрлеп сатып алу

Жауапкершiлiгi шектеулi серiктестіктiң қатысушысы заң актiлерiнде немесе құрылтай құжаттарында белгiленген серiктестiк алдындағы өз мiндеттерiн бұзған жағдайда серiктестiк жалпы жиналыстың шешiмiне сәйкес сот бойынша осындай қатысушының үлесiн серiктестiктiң қатысушымен келiсiмiнде белгiленген бағамен мәжбүрлеп сатып алуды талап етуге құқылы. Келiсiмге қол жетпеген жағдайда мәжбүрлеп сатып алынатын үлестiң бағасын сот белгiлейдi.  

Ескерту. 82-бап жаңа редакцияда - ҚР 1998.03.02. № 211 Заңымен.

Статья 1 ...80 81 82 83 84 ...405

Перейти к статье






Добавить комментарий к 82-бап ҚР Азаматтық кодексi N 268-XIII 27.12.1994 жылғы