Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР Азаматтық кодексi

ҚР Азаматтық кодексi
87-бап. Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары



Ст. 87 ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы



1. Құрылтай шарты (жалғыз құрылтайшының шешiмi) мен жарғы акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары болып табылады.  

Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттарында осы Кодекспен және Қазақстан Республикасының өзге де заң актiлерiмен айқындалған мәлiметтер болуға тиiс.  

Акционерлiк қоғамның құрылтай құжаттары нотариаттық куәландырылуға жатады.  

2. Құрылтай шартының күшi (жалғыз құрылтайшының шешiмi) жарияланған акциялар шығарылымы мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап тоқтатылады.  

3. Акционерлiк қоғамның жарғысын бекiту тәртiбi Қазақстан Республикасының заң актiлерiмен белгiленедi.  

Ескерту. 87-бап жаңа редакцияда - ҚР 2003.05.16. № 416 Заңымен.


Статья 1 ...85 86 87 88 89 ...405 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 87-бап ҚР Азаматтық кодексi N 269-XIII 27.12.1994 жылғы