Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1014-бап. Интегралды микротәсiмдер топологиясына айрықша құқық



Ст. 1014 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Интегралды микротәсiмдер топологиясы авторының немесе өзге де құқық иесiнiң бұл топологияны өз қалауы бойынша, атап айтқанда, мұндай топологияны басқа тұлғалардың тиісті рұқсатсыз пайдалануына тыйым салу құқығын қоса алғанда, мұндай топологиясы бар интегралды микротәсiм дайындау жолымен пайдаланудың айрықша құқығы болады.  

2. Топологияның бiрнеше авторына немесе өзге де құқық иелерiне тиесiлi құқықтарды пайдалану тәртiбi олардың арасындағы шартпен белгiленедi.  

3. Автордың рұқсатынсыз мынадай әрекеттердi жасау:  

1) интегралды микротәсiмге енгiзу арқылы немесе өзге де түрде, оның түпнұсқа болып табылмайтын бөлiгiн қоспағанда, топологияны тұтас немесе оның бөлiктерiн көшiрiп алу;  

2) топологияны немесе осы топология бар интегралды микротәсiмдi қолдану, әкелу, сатуға ұсыну, сату және өзге де айналымға енгiзу айрықша құқықты бұзу болып табылады.  

4. Топологияға құқық иесiнiң айрықша құқығын бұзу болып табылмайтын әрекеттердiң тiзбесi заң актiлерiнде белгiленедi.

Статья 406 ...1012 1013 1014 1015 1016 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1014-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409