Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1050-бап. Өсиеттiң нысаны туралы жалпы ережелер

Ст. 1050 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 20.04.2018
1. Өсиет оның жасалған жерi, күні және уақыты көрсетiле отырып, жазбаша нысанда жасалып, нотариатта куәландырылуға тиiс.  

2. Мыналар:  

1) нотариатта куәландырылған өсиеттер;  

2) нотариатта куәландырылғандарға теңестірiлетін өсиеттер тиiсiнше ресiмделген болып танылады.  

3. Өсиетке өсиет қалдырушының өзi қол қоюы қажет.  

Егер өсиет қалдырушы дене кемiстiктерiне, науқастығына немесе сауатсыздығына байланысты өсиетке өзi қол қоя алмаса, оның өтiнiшi бойынша оған нотариустың немесе өсиеттi куәландырушы басқа адамның қатысуымен өсиет қалдырушының өсиетке өзi қол қоя алмауының себебiн көрсете отырып, басқа азаматтың қол қоюы мүмкiн.  

4. Осы Кодекстiң ережелерiне сәйкес өсиеттi жазу, оған қол қою немесе куәландыру кезiнде куәлар қатысуға тиiс болған жағдайларда:  

1) нотариус немесе өсиеттi куәландыратын өзге адам;  

2) пайдасына өсиет жазылған немесе өсиет қалдырудан бас тартылған адам, оның зайыбы, оның балалары, ата-аналары, немерелерi мен шөберелерi, сондай-ақ өсиет қалдырушының заң бойынша мұрагерлерi;  

3) толық әрекетке қабiлеттiлiгiн иеленбейтiн азаматтар;  

4) сауатсыз және өсиеттi оқуға қабiлетсiз басқа да адамдар;  

5) жалған жауап бергенi үшiн соттылығы бар адамдар куә бола алмайды, сондай-ақ өсиет қалдырушының орнына өсиетке қол қоя алмайды. 

Ескерту. 1050-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 27.02.2017 № 49-VI Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Статья 406 ...1048 1049 1050 1051 1052 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1050-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409