Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1056-бап. Өсиеттiң жарамсыздығы



Ст. 1056 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Тиiстi нысанда жасалмаған өсиет жарамсыз болады. Өсиеттiң жарамсыздығы осы Кодекстiң 4-тарауының мәмiлелердiң жарамсыздығы туралы ережелерiне де негiзделедi.  

2. Өсиеттi жасаудың, оған қол қоюдың және оны куәландырудың осы Кодекспен белгiленген тәртiбiнiң бұзылуы салдарынан өсиеттi жарамсыз деп танудан мүлiктiк зардап шеккен адамның талабы бойынша өсиет жарамсыз деп танылуы мүмкiн.  

Eгep сот мұра қалдырушының өз еркiн бiлдiруiн түсiнуге әсер етпейдi деп белгiлесе, өсиеттi жасау, қол қою немесе оны растау кезiнде жiберiлген емле қателерi және техникалық сипаттағы басқа да елеусiз қателер өсиеттi жарамсыз деуге негiз бола алмайды.  

3. Өсиеттегi жекелеген өкiмдердiң жарамсыздығы өсиеттiң қалған бөлiгiнiң жарамдылығын қозғамайды.  

4. Өсиет жарамсыз деп танылған жағдайда, осы өсиет бойынша мұрадан айрылған мұрагер, осы Кодекстiң 1060-бабында белгiленген тәртiппен заң бойынша мұра алу құқығына ие болады.  

Ескерту. 1056-бапқа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
 


Статья 406 ...1054 1055 1056 1057 1058 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1056-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409