Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1068-бап. Мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар



Ст. 1068 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Егер мұра қалдырушымен бiрге тұрғандығына немесе тұрмағандығына қарамастан, мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болса, осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген, заң бойынша мұрагерлерге жататын, мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болған, бiрақ мұрагерлiкке шақырылатын кезектегi мұрагерлердiң тобына кiрмейтiн азаматтар заң бойынша осы кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.  

2. Заң бойынша осы Кодекстiң 1062, 1063, 1064-баптарында көрсетiлген мұрагерлер тобына кiрмейтiн, бiрақ мұраның ашылу күнiне дейiн еңбекке жарамсыз болып табылған және мұра қалдырушы қайтыс болғанға дейiн кемiнде бiр жыл оның асырауында болған және онымен бiрге тұрған мұрагерлер мұрагер болуға шақырылатын кезектегi мұрагерлермен бiрге және тең мұра алады.  

Заң бойынша басқа мұрагер болмаған кезде осы баптың 2-тармағында көрсетiлген мұра қалдырушының асырауындағы еңбекке жарамсыз адамдар сегiзiншi кезектегi мұрагерлер ретiнде өз бетiнше мұра алады.  

Ескерту. 1068-бап жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.
 


Статья 406 ...1066 1067 1068 1069 1070 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1068-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409