Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1069-бап. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқық



Ст. 1069 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мұра қалдырушының кәмелетке толмаған немесе еңбекке жарамсыз балалары, сондай-ақ оның еңбекке жарамсыз жұбайы мен ата-анасы, өсиеттiң мазмұнына қарамастан, заң бойынша мұрагерлiк кезiнде олардың әрқайсысына тиесiлi болатын үлестiң (мiндеттi үлес) кемінде жартысын мұраға алады.  

2. Мұндай үлеске құқығы бар мұрагер өсиет бойынша және (немесе) заң бойынша мұрадан алатынның барлығы, оның iшiнде әдеттегi үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысында ұсталатын заттардан тұратын мүлiктiң құны және мұндай мұрагердiң пайдасына белгiленген өсиеттiк бас тартудың құны, мiндеттi үлеске есептеледi.  

3. Мұрадағы мiндеттi үлеске құқығы бар мұрагер үшiн өсиетте белгіленген кез келген шектеулер мен жүктеулер өзіне ауысатын мұраның мiндеттi үлесiнен асатын бөлігіне қатысты ғана жарамды болады.

Статья 406 ...1067 1068 1069 1070 1071 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1069-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409