Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1072-2-бап. Мұраны қабылдау мерзiмi



Ст. 1072-2 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мұраның ашылу күнiнен бастап алты ай iшiнде мұра қабылдануы мүмкін.  

Мұра азаматтың болжамды қайтыс болған немесе ол қайтыс болды деп жарияланған күнi ашылған жағдайда (осы Кодекстiң 1042-бабының 2-тармағы) - мұра қалдырушы қайтыс болған күннен бастап алты айдың iшiнде, ал ол қайтыс болды деп жарияланған кезде, егер соттың шешiмiнде өзге күн көрсетiлмесе, азаматты қайтыс болды деп жариялау туралы сот шешiмi заңды күшiне енген күннен бастап мұра қабылдануы мүмкiн.  

2. Егер мұрагерлiк құқығы басқа адамдар үшiн мұрагердiң мұрадан бас тартуы, басқа мұрагердiң мұраны қабылдамауы немесе мұрагердi осы Кодекстiң 1045-бабында белгiленген негiздер бойынша мұрадан шеттету салдарынан туындаса, мұндай адамдар оларда мұраға құқық туындаған күннен бастап алты айдың iшiнде мұраны қабылдай алады.  

Ескерту. 1072-2-баппен толықтырылды - Қазақстан Республикасының 2007.01.12. N 225 Заңымен.


Статья 406 ...1072 1072-1 1072-2 1072-3 1072-4 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1072-2-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409