Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1078-бап. Жекелеген мұрагерлердiң мұраға кiретiн мүлiкке басым құқығы



Ст. 1078 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мұра ашылғанға дейiнгi бiр жыл iшiнде мұра қалдырушымен бiрге тұрған мұрагерлер тұрғын үйдi, сондай-ақ үй жабдықтары мен үй-iшi тұрмысы заттарын мұраға алуға басым құқыққа ие болады.  

2. Мұра қалдырушымен бiрге мүлiкке ортақ меншiк құқығы бар мұрагерлер ортақ меншiкте болған мүлiктi мұраға алуға басым құқыққа ие болады.  

3. Осы баптың 1 және 2-тармақтарында аталған басым құқықты жүзеге асырған кезде бөлiске қатысатын басқа да мұрагерлердiң мүлiктiк мүдделерi сақталуға тиіс. Егер өздерiне тиесiлi үлестердi беру үшiн мұраны құрайтын мүлiк жеткiлiксiз болса, басым құқықты жүзеге асыратын мұрагер оларға тиiсiнше ақшалай немесе мүлiктiк өтемақы беруге тиiс.

Статья 406 ...1076 1077 1078 1079 1080 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1078-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409