Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1079-бап. Мұралық үлестердiң үстелуi



Ст. 1079 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Мұрагер мұрадан бас тартқан не ол осы Кодексте аталған мән-жайлар бойынша шығып қалған жағдайда мұраның мұндай мұрагерге есептелуге тиiс бөлiгi мұрагерлiкке шақырылған заң бойынша мұрагерлерге түседi және олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.  

Егер мұра қалдырушы барлық мүлiктi өзi тағайындаған мұрагерлерге өсиет етсе, мұрадан бас тартқан немесе шығып қалған мұрагерге тиесiлi мұра бөлiгi өсиет бойынша қалған мұрагерлерге түседi және өсиетте өзгеше көзделмегендiктен, олардың арасында өздерiнiң мұралық үлестерiне бара-бар бөлiнедi.  

2. Осы баптың 1-тармағындағы ережелер:  

1) егер бас тартқан немесе шығып қалған мұрагердің орнына мұрагер қосымша тағайындалса;  

2) мұрагер белгiлi бiр тұлғаның пайдасына мұрадан бас тартқан кезде;  

3) заң бойынша мұрагерлiк кезiнде мұрагердiң бас тартуы немесе шығып қалуы келесi кезектегi мұрагерлердi мұрагерлiкке шақыруға әкеп соққан жағдайларда қолданылмайды.

Статья 406 ...1077 1078 1079 1080 1081 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1079-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409