Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1084-бап. Шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқықты анықтау



Ст. 1084 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Шетелдiк азаматтардың немесе шетелдiк заңды тұлғалардың қатысуымен не өзге де шетелдік элемент шиеленістірген азаматтық-құқықтық қатынастарға қолданылуға тиiстi құқық осы Кодекстiң, өзге де заң актiлерiнiң, Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттардың және танылған халықаралық ғұрыптардың негiзiнде анықталады.  

2. Егер осы баптың 1-тармағына сәйкес қолданылуға тиiстi құқықты анықтау мүмкiн болмаса, шетелдiк элемент шиеленiстiрген азаматтық-құқықтық қатынастармен неғұрлым тығыз байланысты құқық қолданылады.  

3. Осы бөлiмнiң сот қолдануға тиiстi құқықты анықтау туралы ережелерiн тиiсiнше қолданылуға тиiстi құқық туралы мәселенi шешуге өкілеттік берілген басқа органдар да қолданады.

Статья 406 ...1082 1083 1084 1085 1086 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 1084-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409