Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
1091-бап. Императивтiк нормаларды қолдану



Ст. 1091 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Норманың өзiнде көрсетiлуi салдарынан немесе азаматтық айналымға қатысушылардың құқықтарын және заңмен қорғалатын мүдделерiн қамтамасыз ету үшiн олардың ерекше маңызы болуына байланысты, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, Қазақстан Республикасы заңдарының тиiстi қатынастарды реттейтiн императивтiк нормаларының қолданылуына бұл бөлiм ережелерiнiң қатысы болмайды.  

2. Осы бөлiмнiң ережелерiне сәйкес, қандай да болсын бiр елдiң құқығын қолданған кезде сот, егер сол басқа елдiң құқығына сәйкес мұндай нормалар, қолданылуға тиісті құқыққа қарамастан, тиiстi қатынастарды реттеуге тиiс болса, басқа ел құқықтарының қатынаспен тығыз байланысы бар императивтiк нормаларын қолдана алады. Бұл орайда сот мұндай нормалардың мақсаты мен сипатын, сондай-ақ оларды қолданудың салдарын назарға алуға тиіс.

Статья 406 ...1089 1090 1091 1092 1093 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 1091-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409