Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
428-бап. Тиiстi сапасы жоқ тауар берудiң зардаптары



Ст. 428 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Егер сатушы тауардың кемшiлiктерi туралы айтпаған болса, тиiстi сапасы жоқ тауар берiлген сатып алушы өз қалауы бойынша сатушыдан:  

1) сатып алу бағасын сол мөлшерде кемiтудi;  

2) қисынды мерзiмде тауардың кемшiлiктерiн тегiн жоюды;  

3) тауардың кемшiлiктерiн жоюға жұмсаған өз шығындарын өтеуді;  

4) тиiстi сапасы жоқ тауарды шартқа сәйкес келетiн тауармен алмастыруды;  

5) шартты орындаудан бас тартуға және тауар үшiн төленген ақша сомасын қайтаруды талап етуге құқылы.  

Шарттың сатып алушының осы тармақта көзделген құқықтардан бас тартуы туралы талаптары жарамсыз болып табылады.  

2. Жиынтыққа кiретiн тауарлардың (осы Кодекстiң 432-бабы) бір бөлiгiнiң сапасы тиісті деңгейде болмаған жағдайда сатып алушы тауарлардың осы бөлiгiне қатысты, осы баптың 1-тармағында көзделген құқықты жүзеге асыруға құқылы.  

3. Тиiстi сапасы жоқ тауарды сатушы оның дайындаушысы болмайтын жағдайда тауарды алмастыру немесе оның кемшiлiктерiн тегiн жою туралы талаптар сатып алушының таңдауы бойынша сатушыға не дайындаушыға қойылуы мүмкiн.  

4. Егер осы Кодексте немесе басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе, осы бапта көзделген ережелер қолданылады.


Статья 406 ...426 427 428 429 430 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 428-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409