Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
435-бап. Тауарды ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салмай және (немесе) буып-түймей берудiң салдары



Ст. 435 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409




1. Ыдысқа салынуға және (немесе) буып-түйiлуге тиіс тауар сатып алушыға ыдыссыз және (немесе) буып-түюсiз не тиiстi ыдысқа салынбай және (немесе) буып-түйiлмей берiлген жағдайда сатып алушы сатушыдан, егер шарттан, мiндеттеменiң мәнiнен немесе тауардың сипатынан өзгеше туындамаса, тауарды ыдысқа салып және (немесе) буып-түйiп берудi не тиiстi дәрежеде емес ыдысты және (немесе) буып-түйiлген орауышты алмастыруды талап етуге құқылы.  

2. Сатушыға осы баптың 1-тармағында аталған талаптар қоюдың орнына, сатып алушы оған тиiстi сапасы жоқ тауар беруден туындайтын өзге де талаптар қоюға құқылы (осы Кодекстiң 428-бабы).


Статья 406 ...433 434 435 436 437 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 435-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409