Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 437 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 18.09.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
437-бап. Сатып алушының тауарды қабылдау мiндетi

1. Осы тараудың ережелерiне сәйкес тауарды ауыстыруды талап етуге немесе шартты орындаудан бас тартуға өзi құқылы болатын жағдайларды қоспағанда, сатып алушы өзіне сатушы берген тауарды қабылдауға мiндеттi.  

2. Егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушы әдетте қойылатын талаптарға сәйкес, тиісті тауар беруді және алуды қамтамасыз ету үшiн өз тарапынан қажеттi iс-қимылдар жасауға міндеттi.  

3. Сатып алушы заң актiлерiн немесе шартты бұза отырып, тауарды қабылдамаған не қабылдаудан бас тартқан жағдайларда, сатушы сатып алушыдан тауарды қабылдауды талап етуге немесе шартты орындаудан бас тартуға құқылы.
Статья 406 ...435 436 437 438 439 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 437-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409