Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
438-бап. Тауардың бағасы



Ст. 438 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сатып алушы тауарға шартта көзделген баға бойынша, не ол шартта көзделмесе және оны шарт талаптарын негiзге ала отырып белгiлеу мүмкiн болмаса, осы Кодекстiң 385-бабының ережелерiне сәйкес белгіленетін баға бойынша ақы төлеуге, сондай-ақ өз есебінен заң актiлерiне, шартқа немесе әдетте қойылатын талаптарға сәйкес төлемді жүзеге асыру үшiн қажеттi iс-қимылдар жасауға мiндеттi.  

2. Баға тауардың салмағына қарай белгiленген кезде, егер шартта өзгеше көзделмесе, ол ыдыссыз таза салмағы бойынша айқындалады.  

3. Егер шартта тауар бағасын (өзiндiк құн, шығындар және т.б.) көрсететiн көрсеткiштерге қарай тауар бағасының өзгеруі тиiс екендігі көзделсе, бірақ бағаны қайта қарау әдісі белгіленбесе, баға көрсеткіштердің шарт жасасу кезіндегі және тауар беру жөніндегі мiндеттi орындау кезiндегi арақатынасын негiзге ала отырып белгiленедi. Сатушы тауар беру жөнiндегi мiндеттiң орындалуын кешiктiрiп алған жағдайда баға көрсеткiштердiң шарт жасасу кезiндегi және шартта көзделген тауар берiлетiн күндегi, ал шартта мұндай күн көзделмесе, осы Кодекстiң 277-бабына сәйкес белгiленген күнгi арақатынасын негiзге ала отырып белгiленедi.  

Егер осы Кодексте, басқа да заң актiлерiнде өзгеше белгіленбесе не ол мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, осы тармақта көзделген ережелер қолданылады.

Статья 406 ...436 437 438 439 440 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 438-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409