Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
442-бап. Тауарды кредитке сату кезiнде төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу



Ст. 442 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауарды кредитке сату туралы шартта төлемді бөліп-бөліп төлеу көзделуi мүмкiн.  

Егер сатып алу-сату шартында басқа да елеулi талаптармен қатар, баға, төлемдердiң тәртiбi, мерзiмi мен мөлшерi көрсетiлсе, төлемдi бөлiп-бөлiп төлеу талабымен тауарды кредитке сату туралы шарт жасалған болып есептеледi.  

2. Сатып алушы бөлiп-бөлiп төлеу арқылы сатылған тауар үшiн кезектi төлемдi шартта белгiленген мерзiмде төлемесе, егер шартта өзгеше көзделмесе, сатушы, сатып алушыдан алған төлем сомасы тауар бағасының жартысынан асатын жағдайларды қоспағанда, шартты орындаудан бас тартуға және сатылған тауардың қайтарылуын талап етуге құқылы.

Статья 406 ...440 441 442 443 444 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 442-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409