Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
444-бап. Сатушының тауарға меншiк құқығының сақталуы



Ст. 444 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауардың ақысы төленгенге дейiн немесе өзге бiр мән-жайлар басталғанға дейiн сатушының сатып алушыға берiлген тауарға меншiк құқығы сақталатындығы шартта көзделген жағдайларда, егер заң актiлерiнде немесе шартта өзгеше көзделмесе не ол тауардың мақсаты мен қасиеттерiнен туындамаса, сатып алушының өзiне меншiк құқығы көшкенге дейiн тауарды иелiктен айыруға немесе оған өзгеше түрде билiк етуге құқығы жоқ.  

2. Берiлген тауардың ақысы шартта көзделген мерзiмде төленбеген немесе меншiк құқығы сатып алушыға көшетiн өзге де мән-жайлар басталмаған жағдайларда сатушы сатып алушыдан, егер шартта өзгеше көзделмесе, тауарды өзiне қайтаруды талап етуге құқылы.  

Параграф 2. Бөлшектеп сатып алу-сату


Статья 406 ...442 443 444 445 446 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 444-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409