Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
453-бап. Тауардың бағасы және оған ақы төлеу



Ст. 453 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Егер заң актілерінде өзгеше көзделмесе немесе ол міндеттеменің мәнінен туындамаса, сатып алушы шарт жасасу кезінде сатушы жариялаған баға бойынша тауарға ақы төлеуге міндетті.  

2. Шартта тауарға алдын ала ақы төлеу (осы Кодекстің 440-бабы) көзделген жағдайларда сатып алушының шартта белгіленген мерзімде тауарға ақы төлемеуі, егер тараптардың келісімінде өзгеше көзделмесе, сатып алушының шартты орындаудан бас тартқаны деп танылады.  

3. Тауарларды кредитке бөлшектеп сатып алу-сату, соның ішінде сатып алушының тауарларға төлемді бөліп-бөліп төлеу талабы қойылған шартына осы Кодекстің 441-бабы 3-тармағының екінші бөлігінде көзделген ережелер қолданылмауға тиіс.  

4. Сатып алушы тауарға ақыны бөліп-бөліп төлеудің шартта белгіленген кезеңі шегінде тауарға кез келген уақытта толық төлем жасауға құқылы.

Статья 406 ...451 452 453 454 455 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 453-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409