Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
462-бап. Тауарлар жеткiзiлiмiнiң тәртiбi



Ст. 462 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауар беруші сатып алушыға немесе шартта сатып алушы ретінде көрсетілген адамға шарт бойынша тауарды тиеп-жөнелту (беру) жолымен тауарлар жеткiзiлiмiн жүзеге асырады.  

2. Шартта тауар берушіге тауарларды алушыларға тиеп-жөнелтуi туралы сатып алушының нұсқау (тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз) беру құқығы көзделген жағдайларда тауар берушi тауарларды тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазда көрсетiлген алушыларға тиеп-жөнелтудi (берудi) жүзеге асырады.  

3. Тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаздың мазмұны және оны сатып алушының тауар берушiге жiберу мерзiмi шартта белгiленедi. Егер шартта тиеп-жөнелтуге рұқсат қағаз жiберу мерзiмi көзделмесе, ол жеткiзiлiм кезеңi басталғанға дейiн отыз күннен кешiктiрiлмей тауар берушiге жiберiлуге тиiс.  

4. Егер шартта өзгеше көзделмесе, сатып алушының тиеп-жөнелтуге рұқсат қағазының белгiленген мерзiмде табыс етiлмеуi тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға құқық бередi.

Статья 406 ...460 461 462 463 464 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 462-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409