Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
466-бап. Сатып алушының тауарды қабылдауы



Ст. 466 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сатып алушы (алушы) тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес берілген тауар қабылдауды қамтамасыз ететiн барлық қажеттi іс-әрекеттi жасауға мiндеттi.  

2. Сатып алушы (алушы) қабылдаған тауар заң актiлерiнде, тауар жеткiзiлiмi шартында немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген мерзiмде қаралуға тиiс.  

Сатып алушы (алушы) сол мерзiмде заң актiлерiнде, шартта немесе iскерлiк айналым дағдыларында белгiленген тәртiппен қабылданған тауардың саны мен сапасын тексеруге және тауардың байқалған сәйкессiздiктерi немесе кемшiлiктерi туралы тауар берушiге жазбаша түрде дереу хабарлауға мiндеттi.  

3. Сатып алушы (алушы) көлiк ұйымынан жеткiзiлген тауарды алған жағдайда тауардың көлiк және жолдама құжаттарында көрсетiлген мәлiметтерге сәйкестiгiн тексеруге, сондай-ақ көлiк ұйымынан осы тауарды көлiк қызметiн реттейтiн заң актiлерi мен өзге де нормативтiк құқықтық актiлерде көзделген ережелердi сақтай отырып, қабылдауға мiндеттi.

Статья 406 ...464 465 466 467 468 ...1124 

Перейти к статье
Скачать бесплатно ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409 

Задать вопрос на юридическом форуме



Добавить комментарий к 466-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409