Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
467-бап. Сатып алушы қабылдамаған тауарды жауапкершiлiкпен сақтау



Ст. 467 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Сатып алушы (алушы) заң актiлерiне немесе тауар жеткiзiлiмi шартына сәйкес тауар берушi жiберген тауардан бас тартса, ол бұл тауардың сақталуын (жауапкершiлiкпен сақтауды) қамтамасыз етуге және тауар берушiге дереу хабарлауға мiндеттi.  

2. Тауар берушi сатып алушы (алушы) жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдаған тауарды әкетуге немесе қисынды мерзiмде оған билiк етуге мiндеттi.  

Егер тауар берушi осы мерзiмде тауарға билiк етпесе, сатып алушы тауарды сатуға немесе оны тауар берушiге қайтаруға құқылы.  

3. Тауарды жауапкершiлiкпен сақтауға қабылдауға, тауарды сатуға немесе оны сатушыға қайтаруға байланысты сатып алушы (алушы) шеккен қажеттi шығындарды тауар берушi өтеуге тиiс.  

Бұл орайда тауарды сатудан түскен сома сатып алушыға тиесілі сома шегеріле отырып тауар берушiге берiледi.  

4. Сатып алушы заң актілерiнде немесе шартта белгiленбеген негiздерсiз тауар берушiден тауар қабылдамаған немесе оны қабылдаудан бас тартқан жағдайларда тауар берушi сатып алушыдан тауарға ақы төлеудi талап етуге құқылы.

Статья 406 ...465 466 467 468 469 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 467-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409