Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
468-бап. Тауарларды таңдау



Ст. 468 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауарларды тауар берушiнiң орналасқан жерiнен алуы (тауарлар таңдауы) көзделуi мүмкiн.  

2. Егер шартта таңдау мерзiмi көзделмесе, сатып алушының (алушының) тауарлар таңдауы тауар берушiнiң тауарлар дайын деген хабарын алғаннан кейін қисынды мерзімде жүргізілуге тиіс.  

3. Тауар жеткiзiлiмi шартында сатып алушының (алушының) тауар берушi орналасқан жерде тауар таңдауы көзделген кезде, егер заң актiлерiнде өзгеше көзделмесе немесе мiндеттеменiң мәнiнен туындамаса, сатып алушы берiлетiн тауарларды қарап-көрудi олар берiлетiн жерде жүзеге асыруға мiндеттi.  

4. Сатып алушының (алушының) шартта белгiленген тауар жеткізілімі мерзімінде, ал ол болмаған кезде - тауар берушінің тауарлардың дайын екендігі туралы хабарын алғаннан кейін қисынды мерзiмде тауарларды таңдамалы тауар берушiге шартты орындаудан бас тартуға немесе сатып алушыдан тауарларға ақы төлеудi талап етуге құқық бередi.

Статья 406 ...466 467 468 469 470 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 468-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409