Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус

Печать

Ст. 473 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409


Действующий с изменениями и дополнениями. Проверено 14.06.2018

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
473-бап. Тауар жеткiлiксiз берiлiп, тауардың кемшiлiктерiн жою туралы немесе тауарды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайдағы сатып алушының құқықтары

1. Егер тауар берушi тауарларды шартта көзделген мөлшерде бермесе не сатып алушының сапасы лайықсыз тауарды алмастыру туралы немесе белгiленген мерзiмде тауарды толық жиынтықтау туралы талаптарын орындамаса, сатып алушы оларды сатып алу жөнiндегi барлық қажеттi және қисынды шығындарды тауар берушiге жатқыза отырып, берiлмеген тауарларды басқа адамдардан сатып алуға құқылы.  

Сатып алушының басқа адамдардың тауарлар сатып алуға жұмсаған шығындарын есептеу, тауар берушi оларды толық бермеген немесе тауарлардың кемшiлiктерiн жою туралы не тауарларды толық жиынтықтау туралы талаптар орындалмаған жағдайда, осы Кодекстiң 477-бабының 1-тармағында көзделген ережелер бойынша жүргiзiледi.  

2. Сатып алушы (алушы) сапасы лайықсыз тауарларға және жиынтықталмаған тауарларға ақы төлеуден бас тартуға, ал егер мұндай тауарларға ақы төленiп қойған болса, төленген соманы тауарлардағы кемшiлiктер жойылғанға және тауарлар толық жиынтықталғанға дейін не олар алмастырылғанға дейін қайтаруды талап етуге құқылы.

Статья 406 ...471 472 473 474 475 ...1124

Перейти к статье






Добавить комментарий к 473-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409