Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
475-бап. Тауар берудiң бiрнеше шарттары бойынша бiртектес мiндеттемелердi өтеу



Ст. 475 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Тауар берушi сатып алушыға аттас тауарлар жеткiзудi тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша жүзеге асыратын және жеткiзілген тауарлар саны тауар берушiнiң барлық шарттар бойынша мiндеттемелерiн өтеуге жетпейтін жағдайларда жеткiзiлген тауарлар тауар жеткiзiлiмiн жүзеге асыру кезiнде не жеткiзiлгеннен кейiн кешiктiрiлмей тауар берушi көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс.  

2. Егер сатып алушы тауар жеткiзiлiмiнiң бiрнеше шарттары бойынша алған аттас тауарлар үшiн тауар берушіге ақы төлеген болса және төленген сома сатып алушының барлық шарттар бойынша міндеттемелерін өтеуге жетпесе, төленген сома тауарларға ақы төлеудi жүзеге асыру кезiнде не ақы төленгеннен кейiн кешiктiрiлмей сатып алушы көрсеткен шарттың орындалу есебiне есептелуге тиiс.  

3. Егер тауар берушi немесе сатып алушы өздерiне осы баптың 1 және 2-тармақтарына сәйкес берiлген құқықтарды пайдаланбаса, міндеттеменiң орындалуы орындау мерзiмi ертерек басталған шарт бойынша міндеттемелерді өтеуге есептеледі. Егер бірнеше шарт бойынша міндеттемелерді орындау мерзімі бір мезгілде басталса, орындауға берілген мерзім барлық шарттар бойынша міндеттемелердің өтелуіне бара-бар түрде есептеледі.

Статья 406 ...473 474 475 476 477 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 475-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409