Ваш гид в законодательстве Казахстана

Каз Рус
< ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)

ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм)
489-бап. Абоненттiң энергияны басқа тұлғаға беруi



Ст. 489 ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409



1. Абонент жалғанған желi арқылы энергиямен жабдықтаушы ұйымнан өзi алған энергияны басқа тұлғаға (қосалқы абонентке) энергиямен жабдықтайтын ұйымның келiсуiмен ғана бере алады.  

2. Абоненттiң қосалқы абонентке энергия беру жөнiндегi шартына, егер заң актілерінде немесе шартта өзгеше көзделмесе, осы параграфтағы ережелер қолданылады.  

3. Қосалқы абонентке энергия беру кезiнде, егер заң актiлерiнде өзгеше белгiленбесе, энергиямен жабдықтаушы ұйымның алдында абонент жауапты болады.

Статья 406 ...487 488 489 490 491 ...1124 

Перейти к статье






Добавить комментарий к 489-бап ҚР азаматтық кодексi (ерекше бөлiм) 1999 жылғы 1 шілдедегі N 409